Date of publication: 31.05.2018 15:00
Date of changing: 31.05.2018 15:08

 

ҚР ҚМ МКК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ Баспасөз хабарлама

        

    Департамент ағымдағы жылдың 24 мамыры күні ШҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен «Жаңа Салық кодексі, жеке ережелер. Арнаулы салық режимдері» тақырыбында семинар өткізді.

Бірінші сұрақ бойынша салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Сабралимова Гульмира Камильевна сөз алды. Ол 2017 жылы 25 желтоқсанда №120-VI Қазақстан Республикасы Заңымен қабылданған Салық кодексіндегі жаңашылдықтар мен өзгерістерге тоқталып өтті. Жаңа Кодекстің мақсаты әкімшілендірудің идеологиясын өзгерту және әкімшілендіруді жеңілдету болып табылады. Идеология адал ниетті салық төлеушілердің мүддесін қорғауға бағытталғандығын жеткізді.

Бұдан басқа, салық төлеушілерге қосымша құн салығы, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша сұрақтарға толығырақ  түсіндірулер берілді.                                                   

Екінші сұрақ бойынша салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің бас маманы Шакаримова Арайлым Калымкожановна салық төлеушілердің назарына шағын және орта бизнес үшін қарастырылған арнаулы салық режимдері және аталған арнаулы салық режимдерінің қолданылу тәртібін жеткізді.

       Семинар барысында кәсіпкерлік қызметте бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі  туралы  айтылды. Шакаримова А.К. 01.01.2018 ж. бастап  деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жататындығын салық төлеушілердің назарына  жеткізді, сонымен қатар қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс орындары  («Алакөл», «Көгілдір шығанақ») базаларына бару кезінде, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу кезіндегі есеп айырысулар барысында салық төлеушілердің сатып алушы ретіндегі құқықтары және сатушылардың чек беру бойынша міндеттемелері туралы әңгімелеп айтып берді. 

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитеті және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасымен бірге 2018 жылдың 21 мамырынан бастап қарашаға дейін кезекті жалпыреспубликалық «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының басталғаны айтылды, баяндамашы салық төлеушілерді  өткізіліп жатқан акцияға белсенді қатысуға   шақырды.

                  

ШҚО облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасы