Date of publication: 15.05.2018 14:30
Date of changing: 15.05.2018 14:33

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123 VI Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан ары – Кодекс) 183-бабына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түріндегі мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы Кодексте көзделген және (немесе) Комиссия айқындайтын жағдайларда кеден органының шешімі бойынша не кеден органының рұқсатымен жүргізіледі.

Кеден органының тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешімінің нысанын тауарлар шығарылғаннан кейін Комиссия айқындайды.

Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түріндегі мәліметтерін өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау мерзімдері мен тәртібін тауарлар шығарылғаннан кейін Комиссия айқындайды.

Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түріндегі мәліметтерін өзгерту (толықтыру) үшін тауарларға арналған декларацияны түзету қолданылады, оған Комиссия айқындайтын, мәліметтер осы кедендік құжатты қолданбай өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін жағдайлар жатпайды.

Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны түзетудің және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияны түзетудің электрондық түрінің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.

Тауарларға арналған декларацияны түзету тауарларға арналған осындай декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

Егер Комиссия өзгеше айқындамаса, қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияны түзетуді беру кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен бірге жүреді.

Сонымен қатар, «Тауарларға арналған декларациядағы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссиясы коллегиясының кейбір шешімдерінің күшінің жойылыуы туралы» 2013 жылғы №289 Еуразия экономикалық комиссиясы коллегиясының шешімімен (бұдан ары – шешім) тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі мен жағдайлары анықталған.

Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезінде Тәртіптің екінші абзацының 14, 20 және 26-тармақтарында көрсетілген жағдайларды ескермегенде, тауарларға арналған декларацияға түзету (ТДТ) қолданылады.

ТДТ-ны Шешіммен бекітілген тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын толтыру Нұсқауына сәйкес толтырылады.  

Тауарларға арналған декларацияны түзету өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізілетін тауарларға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

ТД мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуге байланысты операциялар, Еуразия экономикалық одағының мүше–мемлекетінде (бұдан ары мүше – мемлекет), өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін ТД тіркелген кеден органында жасалады.  

Декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операциялар, тиісті кедендік операциялар жүргізуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда кедендік өкіл арқылы жасалады.

Өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізілетін ТД беру кезінде кеден органына осындай құжаттар ұсынылған болса, кеден өкілінің кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасауға өкілеттігін растайтын құжаттар ұсынылмайды.

Осылайша, Шешімнің IV-V-бөлімдеріне сәйкес, тауар шығарып болған соң декларанттың бастамасымен де, кеден органының бастамасымен  де кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердге өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.  

Тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізудің негізі мен мерзімі жоғарыда аталған Шешімнің бөлімдерінде көзделген.

 

ШҚО бойынша МКД

түсіндіру жұмысы басқармасы