Date of publication: 20.12.2016 17:54
Date of changing: 21.10.2019 15:36

 

Шетелдік қаржыландыру

          «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  26.07.2016ж. №12-VI Заңының шегінде және шетел көздерінен түсетін түсімдерге салықтық бақылау жасау мақсатында, 2016 жылдың 11 қазанынан бастап заңнамалық актілерге, соның ішінде Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 және 627-баптарына тиісті түзетулер енгізілген.

         Енгізілген өзгертулер (Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағы) Хабарламаны ұсынуды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына шетел көздерінен мүліктер мен (немесе) ақшаларды алу туралы тұлғалармен мәмле жасаған  салықтық тіркелімдерді қарастырады.

Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:

1.     заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2.     қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3.     аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппеннысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.

Осы көзделген талаптар:

1) мемлекеттік мекемелерге;

2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;

3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;

4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;

5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;

6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;

8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;

9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;

16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.

         Сонымен қатар, енгізілген өзгертулермен тиісті заңға тәуелді актілер қарастырылған, соған сай мәліметтер және хабарламаларды ұсынудың тәртібі мен мерзімдері реттеледі:

1.     Хабарлама (форма 017.00) мемлекеттік кірістер органдарына мәмле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылады.

2.     Ақшаларды алу мен жұмсалуы және өзге де мүліктер туралы мәліметтер (форма 018.00) мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей ұсынылады.

         Шетел көздерінен қаражаттарды алу мен оларды жұмсау туралы алынған мәлімет МКК интернет-ресурсында орналастырылады.

         Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдар есебінен жарияланатын ақпараттар мен мәліметтер, дайындау туралы нұсқаулар, тарату немесе ақпараттар және мәліметтерді орналастыру, тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтің  болуын қажет ететіндігін атап өту қажет.

            Бұл ретте, жүзеге асырылатын шаралар хабарландыру сипатта болады және салық төлеушілердің құқықтарын шектемейді, қаражаттардың алу, жұмсау рәсімдерінің айқындығына, сонымен қатар халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған.

         Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне қосымша баптар енгізілді:                                                         

 

460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу

         1. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда хабардар етпеу, сондай-ақ оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтер беру –

      қызметке тоқтата тұра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік)

      қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       

 

460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдарды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру тәртібін бұзуы                                                 

1. Шет мемлекеттермен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адам дармен қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау туралы жасалған шарттар негізінде, тапсырыс берген тұлғалар және осы жарияланымды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтерді қамтымайтын материалдарды жариялау, тарату немесе орналастыру – ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.          Барлық туындаған мәселелер бойынша тіркеу орны бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге ұсыныс береміз.