Date of publication: 09.04.2015 12:15
Date of changing: 22.10.2018 18:26

 

СЭҚ қатысушыларының назарына

 

2018 жылғы 21 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін Қытай Халық Республикасында шығарылатын шайқалма мойынтіректерге (инеліктерден басқа) қатысты демпингке қарсы шараның ұзартылуы туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 139 шешімі (бұдан әрі – ЕЭК Алқасының шешімі) қабылданғанын хабарлаймыз.

Демпингке қарсы шара 8482 10 100 1, 8482 10 100 2, 8482 10 100 9, 8482 10 900 1, 8482 10 900 2, 8482 10 900 3, 8482 10 900 8, 8482 20 000 1, 8482 20 000 2, 8482 20 000 9, 8482 30 000 1, 8482 30 000 9, 8482 50 000 1, 8482 50 000 2, 8482 50 000 9, 8482 80 000 1, 8482 80 000 2, 8482 80 000 9, 8482 91 100 0, 8482 91 900 0, 8482 99 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша сыныпталатын Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін Қытай Халық Республикасында шығарылатын тауарларға қатысты демпингке қарсы баж салығын салу жолымен 2023 жылдың 20 тамызына дейінгі мерзімге енгізілген.

Аталған демпингке қарсы шараны қолдану мақсаттары үшін тауар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен анықталады.

Көрсетілген ЕЭК Алқасының шешімі а.ж. 24 тамызында Еуразиялық экономикалық одағының ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01418248/cncd_16072018_49  жарияланған және ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

 


СЭҚ қатысушыларының назарына

 

2018 жылғы 25 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін Үндістанда шығарылған графитталған электродтарға қатысты демпингке қарсы шараның қолдануын ұзарту туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 156 шешімі (бұдан әрі – ЕЭК Алқасының шешімі) қабылданғанын хабарлаймыз.

Демпингке қарсы шара пештерде қолданылатын, графитталған дөңгелек қимасы диаметрі 520 мм асатын, бірақ 650 мм аспайтын, немесе басқа көлденең қимасы ауданы 2 700 см2 асатын, бірақ 3 300 см2 аспайтын, Үндістанда шығарылған, 8545 11 002 0 ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша сыныпталатын Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін электродтарға қатысты демпингке қарсы баж салығын салу жолымен 2023 жылдың 24 қыркүйегіне дейінгі мерзімге енгізілген.

Көрсетілген ЕЭК Алқасының шешімі а.ж. 28 қыркүйегінде Еуразиялық экономикалық одағының ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01418248/cncd_16072018_49  жарияланған және ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

 


СЭҚ қатысушыларының назарына

2015 жылғы 19 мамырда Еуразия экономикалық комиссиясы Алқасының «Еуразия экономикалық одағының кеден аумағына әкелінетін Қытай Халық Республикасында шығарылған коррозияға төзімді болаттан жасалған ас үйлік және асханалық аспаптарға қатысты демпингіге қарсы бажды енгізу арқылы демпингіге қарсы шараларды қолдану туралы» № 56 шешімі шығарылды.

Аталған шешім 2015 жылғы 20 мамырда Еуразия экономикалық одағының www.eaeunion.org сайтында жарияланған және ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ШҚО бойынша МКД ТНжКҚБ